фото: pixabay.com
Одесса облысындағы Арциз аймағында қайғылы жағдай болды – матч барысында 22 жастағы футболшы Станислав Деде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жас спортшы ойын үстінде өзін нашар сезініп, алаңда құлаған. Ол жергілікті футболдың түлегі болып, "Буджак" клубының намысын қорғаған және балалар спорт мектебінде (ДЮСШ) жас топты жаттықтырған. Станиславты спортқа жан-тәнімен берілген, шынайы әрі жігерлі адам ретінде білетін.
Футболшының қазасы жайлы Арциз қауымының басшысы Сергей Парпуланский хабарлап, бұл оқиғаны "барлық спорт қауымдастығы үшін орны толмас қаза" деп атады. Ол марқұмның туыстары мен жақындарына терең қайғырып, көңіл айтты.
"Станислав футбол үшін өмір сүрді. Өз энергиясын өзгелерге сыйлап, шынайы әрі сенімді дос, жанкүйерлерге үміт сыйлай білетін ойыншы болды. Оның жалыны оны таныған әр адамның жүрегінде мәңгі сақталады", – деді Парпуланский.
Спортшының өліміне қатысты нақты себептер әзірге жарияланған жоқ.
Станислав Деденің жасы небәрі 22-де еді. Әріптестері мен достары оны мейірімділігімен, жылы жүзімен және футболға деген адалдығымен есте сақтады.