"Жалықтырып жібердім, сосын маңырады": Мереке Қалбаева ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

"Жалықтырып жібердім, сосын маңырады": Мереке Қалбаева ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев

Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева өзінің күйеуімен арадағы қарым-қатынасы туралы ел естімеген шындықты айтты.

Мереке Қалбаева журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында өзінің күйеуі Арсен Акиев екеуі бөлек-бөлек тұрып жатқандарын ашып айтты.

"Көп досымыз "ажырасып кеттіңдер ме?" деп сұрап жатыр. Әзірше ренжісіп қалдық. Мен өз ойлағанымды істегім келеді. Оған асыққан да, тәуекелге бару да ұнамайды. Мен үнемі тәуекелге бара беремін. Менің асығыстығым, оны жалықтырып жіберді. Ал оның жайбасарлығы мені жалықтырды. Мен айттым ба, сол кезде болу керек. Бұл да менің эгоистігім мен тәкаппарлығым деп ойлаймын", – деді Мереке Қалбаева.