Сүйінші! Танымал актриса күйеуі екеуі елден жасырып жүрген жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Сүйінші! Танымал актриса күйеуі екеуі елден жасырып жүрген жаңалығын айтты (ВИДЕО)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Жанель Мақажан мен жолдасы

Танымал актриса Жанель Мақажан желідегі парақшасында ерекше жаңалығын бөлісті.

Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ол жүктілікті анықтайтын құрылғысын көрсетіп, одан оң нәтиже шыққанын хабарлап, қуанып жатқан сәттерін жариялады. Бірақ оның жүкті екені сыртқы келбетінен білініп тұрғанын байқаған желі қолданушылары мұның әзіл үшін түсірілген видео екенін аңғарды.

"Сүйінші! Мейірімі шексіз Аллаһ Тағаланың сыйы сіздерге де жұғысты болсын", – деп жазды Жанель Мақажан.