фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi. Суретте: Ақжүрек Таңатаров
ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымына ұсынылған үміткердің кандидатурасы қаралды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Комиссия мүшелері Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, қазіргі таңда Жамбыл облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарып отырған Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасын қолдады.
Отырыста үміткердің спорттағы тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті және өңірлік спортты дамытуға қатысты ұстанымы жан-жақты сараланып, оң шешім қабылданды.
Айта кетейік, өңірлік спорт басқармаларының басшыларын жергілікті атқарушы органдар ұсынады. Ал олардың тағайындалуы ҚР Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясының мақұлдауынан кейін жүзеге асады.