Шұғыл! Қаралы хабар! Танымал тележүргізуші әрі актер қайтыс болды

Шұғыл! Қаралы хабар! Танымал тележүргізуші әрі актер қайтыс болды

фото: ашық дереккөзден

89 жасында итальяндық тележүргізуші, радиожүргізуші, актер, музыкант және әнші Пиппо Баудо дүниеден өтті.

Ол 1936 жылы 7 маусымда Милителло-ин-Валь-ди-Катания қаласында дүниеге келген. Катания университетінде заңгер мамандығын оқып, сонымен қатар актерлік пен жүргізушілікке қызығушылық танытқан. Сондай-ақ фортепианода ойнауды меңгерген. Баудо заңгер дипломын алғанымен, өнер жолына түсті.

1950-жылдардың соңында ол «Orchestra Moonlight» құрамында әнші әрі пианист ретінде өнер көрсетті. 1959 жылы Пиппо алғаш рет итальяндық телеэкранда «Каравелла успехов» бағдарламасында көрінді. Кейін RAI арнасында бірқатар бағдарламаларды жүргізіп, көркемдік жетекшілік етті.

Бір кезде Mediaset компаниясымен келісімшартқа отырғанымен, бұрынғы табысын қайтара алмады. Дегенмен, RAI арнасындағы «Новеченто» бағдарламасын жүргізгеннен кейін оның мансабы қайта жанданды.

1970-жылдары ол Катанияда орналасқан «Антенна Сицилия» жеке арнасының құрылуына атсалысып, сонда жұмыс істеді.

1995 жылы Сан-Ремо музыкалық фестивалінің ашылу түнінде, қойылым басталғаннан кейін көп ұзамай, Пино Пагано есімді ер адам галереяның шетіне отырып, өз-өзіне қол салмақшы болған еді. Сол кезде Баудо оны тоқтатуға қол жеткізді. Бұл сәт көрермендердің зор қошеметімен аяқталды.

Баудо Сан-Ремо фестивалін 13 рет жүргізді, бұл – рекордтық көрсеткіш (оған дейінгі рекорд Майк Бонджорноға тиесілі еді – 11 рет).

Сондай-ақ ол кино және телехикаяларға түсті. Оның қатысуымен «Оның есімі Донна Роза», «Әйелдер жасасын», «Телавда көшесіндегі қылмыс», «Әлемдегі ең ақымақ әскер», «Чечилия үйі», «Мен – экстрасенспін», «Қалыңдықтар», «Тоқсаныншы жылдар: Екінші бөлім», «Итальяндық кинематографияны қалай шатастырдық – Франко мен Чиччоның шынайы тарихы», «Соңғы гепард: Гоффредо Ломбардоның портреті», «Ашық теңізде» және басқа да туындылар бар.

Пиппо Баудо кеше, 16 тамызда қайтыс болды.