фото: turkystan.kz. Суретте: Ақмоншақ Нұртазақызы
Әлеуметтік желі арқылы танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы ел естімеген әңгімесін көпшілікпен бөлісті.
Ақмоншақ Нұртазақызының айтуынша, ұстаздық жолға түсуге алғаш анасы кеңес берген екен. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты.
"Анам маған әрдайым: "Сен ұстаздық жолды таңда. Өнерің – өміріңнің сәні, ал білім – өмір бойы серік болатын қазынаң. Ұстаз жан-жақты болуы керек", – деп ақылын айтып отыратын. Сондықтан да болар бір сарындылықты қаламаймын.
Сол сөздер жүрегімде ұялаған еді. Мен анамның үмітін, сенімін арқалап, ұстаздық жолға қадам бастым. Бұл – жай ғана мамандық емес. Бұл – жүректің таңдауы, өмірдің миссиясы.
Өйткені ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол жүректерге жол табатын, саналарға сәуле беретін, болашақтың бағытын айқындайтын адам. Баланың көзінен от көретін ерекше жан. Мен өз өмірімді сол ізгі жолға арнадым. Ұстаз мәртебесі биік болғай", – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы.