фото: olympic.kz. Суретте: Сәкен Бибосынов
Әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов өзіне елімізде ең ауыр қарсылас болған боксшыны атап өтті, деп Sportinside.kz тілшісі Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстанда бәсекелестік өте жоғары. 2020 жылы Махмұд Сабырханмен бір салмақта өнер көрсеттім. Сол жылы ел чемпионатының финалында кездесіп, одан жеңіліп қалдым. Сондықтан Махмұдты өзім үшін ең мықты қарсыластардың бірі деп санаймын", – деді Бибосынов.
Айта кетсек, қазір Сәкен Бибосынов кәсіби бокста өнер көрсетіп жүр және алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.