"Дұғада болайық": "Өнер қырандарының" танымал әртісіне күрделі ота жасалды (ФОТО)

"Дұғада болайық": "Өнер қырандарының" танымал әртісіне күрделі ота жасалды (ФОТО)

фото: Bairaqmedia.kz коллажы

"Өнер қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбекке күрделі ота жасалғаны белгілі болды, деп жазады bairaqmedia.kz.

Бұл жайында театр ұжымы ресми парақшасында хабарлап, көпшіліктен дұғада болуды сұрады.

"Өнер Қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбекке күрделі ота жасалған еді. Сырқатынан тезірек жазылып, ортамызға аман-есен қауышуын тілейміз. Дұғаңыз қабыл болсын, жанашыр жан", – делінген жазбада.