фото: Фото ашық дереккөзден
Танымал әнші Ерке Есмахан 40 жасында үшінші рет ана атанып, әлеуметтік желідегі оқырмандарына жаңа статуста сәлем жолдады.
Желіде әнші жүкті кезіндегі суретін жариялап:
«Ұлтабар ханымнан қазақ еліне жалынды сәлем», – деп жазды.
Бұл жазба көпшілік тарапынан жылы қабылданып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
Қуанышты жаңалықты әншінің жұбайы – әнші әрі композитор RaiM (Райым Уайыс) өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ол жаңа туған ұлымен түскен суретті жариялап:
«Аль-Ха́мду ли-Ллях, қош келдің, ұлым! Райымбек Батыр!», – деп жазды.
Фото астына құттықтаулар мен ақ тілектер легі жаудырылды. Суреттен RaiM-ның сәбидің кішкентай қолынан сүйіп отырғанын көруге болады.