фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева мен Нұржан Иманалиев
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жұбайы Нұржан Иманалиев желідегі парақшасында жазба жариялады.
Нұржан Иманалиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында ерекше ой салатын жазбасын Stories бөлімінде жариялады.
"Жас ұлғайған сайын арзан интригалар, бос спектакльдер мен бос истерикаларға құмартпайсың. Бар болғаны жайлы, шағын үй, дәмді кешкі ас және шайыңа қанша қант салатынын білетін жан ғана керек болады", – деп жазды Нұржан Иманалиев.