18 жастағы хас сұлу 1 аптаның ішінде 3 рекорд орнатты

18 жастағы хас сұлу 1 аптаның ішінде 3 рекорд орнатты

фото: instagram.com/summerrmcintosh. Суретте: Саммер Макинтош

Канадалық жас жүзгіш, Олимпиада чемпионы Саммер Макинтош өз есімін спорт тарихына қайтадан алтын әріппен жазды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

18 жастағы спортшы Канададағы ұлттық іріктеу жарысында 400 метр кешенді жүзу бойынша жаңа әлем рекордын орнатты. Ол қашықтықты 4 минут 23,65 секундта жүзіп өтті. Осылайша, ол 2024 жылдың мамырында өзі орнатқан 4:24,38 секундтық бұрынғы рекордын жаңартты.

Саммер Макинтош бұл іріктеу жарысында жалпы үш әлемдік рекорд орнатты:

  • 200 метр кешенді жүзу
  • 400 метр еркін стиль
  • 400 метр кешенді жүзу (жаңартылған рекорд)

Осылайша, Макинтош тек Канада құрамасына ғана емес, әлемдік жүзу спортына да жаңа деңгей әкеліп отыр.