Сәкен Майғазиевтің әйелі той үстінде Зейнеп Ахметоваға қымбат сыйлық табыстады

Сәкен Майғазиевтің әйелі той үстінде Зейнеп Ахметоваға қымбат сыйлық табыстады

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметоваға айрықша сыйлық табыстады.

Динара Майғазиева Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған видеода Зейнеп Ахметоваға сақина сыйлап жатқан сәтін көрсетті. Жазба көпшілік арасында жылы пікірлерге толы болды.

Желі қолданушылары бұл қадамды үлкен құрмет пен ізеттің белгісі деп бағалады.

"Керемет! Ұлы тұлғаның ұрпағын өрбітіп, күллі қазаққа үлгі көрсетіп жүрген Зейнеп апайымыз қандай құрметке де лайықты. Көп жасаңыздар, айналайындар Сәкен мен Динара!" – деп жазды желі оқырмандарының бірі.