фото: видеодан скриншот
Танымал блогер Елдос "Колобок" әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялады.
Әлеуметтік желіде аудиторияға Елдос "Колобок" атымен танылған блогер өзінің парақшасында ерекше видео жариялап, бауыры Елдардың туған күнін қалай атап өткенін көрсетті.
"Бүгін біздің Елдардың туған күні. 32 жас құтты болсын бауырым. Барлық армандарың орындалсын, бақытты ғұмыр кеш, біз сенің жаныңдамыз. Аллаға сансыз шүкір сендей бауырым бар", – деп жазды Елдос "Колобок".
Бұл жазба мен видеоны көрген желі қолданушылары бірінен соң бірі жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдыруда. Көпшілігі Елдарға ұзақ өмір, денсаулық, отбасының амандығын тілеп, қуанышты сәттерінің мол болуын жазды.