"Алтын бауырым": Нұрсейіт Жылқышыбай танымал қазақ спортшысымен кездесті

"Алтын бауырым": Нұрсейіт Жылқышыбай танымал қазақ спортшысымен кездесті

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Нұрсейіт Жылқышыбай

Танымал зілтемірші Алмас Өтешов әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбаймен кездескен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Видеодан аңғарғанымыздай, Алмас Өтешов Қызылордаға арнайы келген журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды күтіп алған. 

"Ассалаумағалейкүм, қазақ елі. Бүгін бауырым Нұрсейіт Жылқышыбай Қызылорда жеріне келді", – деді Алмас Өтешов.

Өз кезегінде Нұрсейіт Жылқышыбай да арнайы күтіп алып жатқан бауырларына, оның ішінде Алмас Өтешовке ерекше алғысын білдіріп, "алтын бауырым" деп арқасын қақты.

Еске сала кетейік, осыдан жарты жыл бұрын журналист Нұрсейіт Жылқышыбай "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына зілтемірші Алмас Өтешовті шақырып, спортшының басынан өткеріп жатқан қиын жағдайды баяндап, екеуі сұқбат құрған.