фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Толқын Забирова
Танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялады.
Бұл бейнежазбада Толқын Забирова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған 180 жыл толуына орай Қарауыл өлкесіне келгенін айтып, өалың көпшілікке өзінің жылы лебізін жеткізді. Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған видеоның сипаттамасында Толқын Забирова "Той құтты болсын" деп жазба қалдырды.
"Биыл бізге асыл нақыл, дана сөздерін қалдырып кеткен Абай атамыздың 180 жылдығы. Осындай керемет тойға қатысу маған да бұйырды. Әрине, бұл дүние мен үшін үлкен мәртебе. Оның үстіне, мен Абай атамыздың кіндік қаны тамған Қарауыл жеріне келіп отырмын. Бұл жер мен үшін өте ыстық. Себебі мұнда менің әжем туып өскен. Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген апамның туған өлкесі", – деді Толқын Забирова.