фото: Видеодан скриншот
Халық арасында кең танылған «Қызыл раушан» әнінің авторы бүгінде қоқыс маңында өмір сүріп жүрген жағдайға түскен.
Әнші Ұланғасыр Қами шырқаған танымал туындының сөзін жазған азамат — Шуақ Рахымберді есімді ақын. Ол өзінің қазіргі күйін жасырмай, ашық сұхбат берді.
"Белые розы тербеткен би алаңы деп басталатын өлеңді жаздым. Сосын 1,5 мың долларға сатып жібердім. Ол әнді жан жарым Раушанға арнап жазғанмын. Мұқтар Ниязовтың шәкіртімін. Өткен өмірді қазбаламай-ақ қояйық", – дейді Шуақ.
Шәкірт ақыннан қаңғыбасқа дейінгі тағдыр
Өзін айтыскер Мұқтар Ниязовтың шәкірті ретінде таныстырған Шуақ кезінде талай айтысқа қатысып, ел алдында жүрген талант иесі болған. TikTok-та тараған бейнероликтен кейін желі қолданушылары мен оның таныстары Шуақтың шын мәнінде өте қабілетті, өнерлі адам болғанын айтып жатыр.
TikTok қолданушылары жазды:
- "Шуақ деген кісі ғой, өзі ақын. Бір жағынан жылқы алып сататын еді"
- "94 жылғы, кезінде талай айтысқа шыққан"
- "Қайран парталасым-ай, не болып кеткенсің?"
- "Мектепті жақсы оқыған, КВН-ге қатысатын белсенді еді"