фото: ашық дереккөзден
Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамыс әлеуметтік желіде ерекше әрі жүрекке жылы тиетін бейнежазбасын жариялап, қалың жұртшылықтың назарын өзіне аударды.
Instagram желісіндегі ресми парақшасында ақын өзінің туған әпке-сіңлілерін көрсетті. Бұл видео көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырып, көпшіліктің жылы лебізіне бөленді.
"Әпкеңіз-сіңіліңіз бар ма? Туған әпкелі-сіңлілердің әдемі көрінісі. Әпкең – жанашырың . Сіңілің – тілекшің. Дария мен Панарда бір-бірін демеп жүретін апалы сіңлілер. Динара орамалы жоқ демесеңіз тура өзім түрі", – деп жазды Сара Тоқтамыс.
Бұл жазба мен бейнежазбаға мыңдаған көрермен пікір қалдырып, Тоқтамысовтар әулетінің бірлігі мен тату-тәтті қарым-қатынасына сүйсінді.
Желі қолданушылары "Қос қарлығаштар – Тоқтамысовтар әулетінің мақтаныштары", "Ұшқанда қанаттарың талмасын", "Тал бесіктен өте жақсы тәрбие алған қыздар" деп жылы лебіздерін білдірді.