Қазақ таеквондошылары ірі халықаралық турнирде 10 алтын медаль жеңіп алды

Қазақ таеквондошылары ірі халықаралық турнирде 10 алтын медаль жеңіп алды

фото: olympic.kz. Суретте: қазақ таеквондошылары

Астанада таеквондодан ірі халықаралық Kazakhstan Open-2025 G1 рейтингілік турнирінің алғашқы күні өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жарыстың басында ересектер арасында жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль иеленіп, оның ішінде 10 алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Алтын медаль иегерлері: Еркебұлан Енсегенов (54 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг), Нұрбек Ғазез (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Бейбарыс Қаблан (+87 кг), Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (53 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Назым Махмудова (73 кг).

Күміс медаль иегерлері: Бекзод Қадырқұлов (54 кг), Елдос Ысқақ (58 кг), Самирхон Абабакиров (63 кг), Ерасыл Орынбасар (74 кг), Абдурахман Марипов (80 кг), Тоғжан Өмірзақ (46 кг), Рита Бақышева (49 кг), Әзиза Қаражанова (53 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Айша Әділбекқызы (62 кг), Аяжан Сапархан (67 кг) және Меруерт Тікебаева (+73 кг).

Қола медаль иегерлері: Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Теміржан Тасқын (54 кг), Асқар Өтеген (58 кг), Изият Хасанов (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (87 кг), Бауыржан Хасенов (+87 кг), Тәнжұлдыз Тұрымбетова (49 кг), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Әльмира Қанат (57 кг), Камила Аймукашева (62 кг), Аида Тәукенова (67 кг), Бексұлу Қолбаева (67 кг), Дария Манасқызы (73 кг), Евгения Каимова (+73 кг), Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг).

Турнирдің қалған екі күнінде кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы бәсекелер өтеді. Kazakhstan Open жарысын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы қабылдап жатыр.