фото: x.com/DrNimoYadav. Суретте: Рамеш Вишвакумар
Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. ANI басылымының Ахмедабад қаласының полиция комиссарына сілтеме жасап хабарлауынша, 11А орнында отырған ер адам апаттан тірі қалған.
Полиция қызметкерлері ер адамды апат болған жерден шығарып алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр.
“Аман қалған азаматтың жағдайы тұрақты. Ол ауруханада дәрігерлер бақылауында”, – деп хабарлайды жергілікті билік өкілдері.
Ұшақ тұрғын ауданға құлағандықтан, қайтыс болғандар саны нақты белгісіз. Ресми органдар қаза тапқандар көп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Билік пен құқық қорғау органдары оқиға орнына шұғыл жетіп, жағдайды бақылауға алды. Ұшақ апатының себебі әлі нақты анықталған жоқ.