"Осылай шештім": Әбиба Әбужақынова өз мансабы туралы тосын мәлімдеме жасады

Бүгін, 01:24 / Ахмет Қанатұлы
ijf.org. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова өз дзюдо клубын ашатынын айтып, оқушыларына ерекше үндеу жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әбиба Әбужақынова Instagram желісіндегі ресми парақшасында ендігәрі өзі ашқан дзюдо клубында бапкер болатынын және соған байланысты күреске ынтасы бар жастарды шақыратынын айтты.

"Құрметті дзюдо сүйер қауым, құрметті ата-аналар! Жақында Астана қаласында "Абиба" дзюдо клубы ашылуына байланысты маған қойылып жатқан сұрақтарға кішігірім жауап бере кетейін деп шештім. Менің клубымның жаттықтырушысы 15 жылдық тәжірбиесі, қыздар құрамасында жұмыс жасаған Асылбек Шаханов пен өзім боламын. Мен жиі барып тұрамын. Себебі қазіргі оқу-жаттығу жиындарымыз көбінесе Астана қаласында өтетіндіктен, күнара жаттығуларға қатысамын. Оқушыларыма білгенімнің бәрін үйретіп, бар күш-жігерімді саламын. Клубымызға 6-17 жастағы ұлдар мен қыздарды қабылдаймыз. Біздің клубта көп чемпион шығады деп үміттенемін, сондықтан сіздерді асыға күтемін", – деді Әбиба Әбужақынова.

Бұған дейін спортшы өз атындағы дзюдо клубында бапкерлік қызметке кірісетінін мәлімдегенін жаздық.

Тэгтер:

дзюдо Әбиба Әбужақынова дзюдо мектебі