Әдебиет әлемі қара жамылды: Танымал ақынның денесі көшеден табылды (ФОТО)

Әдебиет әлемі қара жамылды: Танымал ақынның денесі көшеден табылды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Керемет Шүкүров

13 тамыз күні кешкі сағат 19:00–20:00 аралығында белгілі әзербайжан ақыны, жазушысы және журналист Керемет Шүкүровтің денесі көшеден табылды. Бұл туралы AST-54 Black Telegram арнасы хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша, марқұм табиғи себептермен қайтыс болған. Оның өліміне қатысты қылмыстық із немесе зорлық белгілері анықталмаған.

Ақынның қазасы жайлы ақпаратты алғашқылардың бірі болып «Гобустан» журналының қызметкері, жазушы Оқтай Ахмедов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Қазіргі уақытта нақты өлім себебін анықтау үшін ресми тергеу жүргізіліп жатыр.