фото: ашық дереккөзден. Суретте: Наркенже Серікбаева
Елге есімі кеңінен танылған дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа бейнежазба жариялап, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бір тойда өнер көрсеткенін хабарлады.
Әншінің айтуынша, бұл сапар тек мерекелік шарамен шектелмей, болашақта үлкен шығармашылық жоспарлардың бастамасына айналуы мүмкін.
"Өнеріммен қуантқан әр сәтім – бақыт. Ташкент, рахмет! Ташкент қаласына концерт берсек қалай болады екен?", – деп жазды Наркенже Серікбаева.
Бұл хабарламаға желі қолданушылары тарапынан жылы пікірлер мен қолдау білдіретін жүздеген пікір жазылды. Көпшілік Наркенже Серікбаеваның Ташкентте концерт беру бастамасын қуана құптап, тілек білдірді.
Пікірлер арасында: "Керемет, шығармашылық табыс тілеймін", "Ташкентте қазақтар көп, концерт берсеңіз зор болады", "Сізді көру үшін арнайы келемін", "Тіл-көзден аман болыңыз", – деген ізгі лебіздер мен тілектер жиі кездесті.