Қаралы хабар жетті: Әндері бүкіл елді шарлаған әнші ауыр дерттен көз жұмды

Қаралы хабар жетті: Әндері бүкіл елді шарлаған әнші ауыр дерттен көз жұмды

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Вячеслав Добрынин ауыр дерттен көз жұмды. Өлімінің себебі инсульттің асқынуынан болды.

Бірнеше күн бұрын оны Мәскеудегі ауруханалардың біріне жатқызған еді. Ресейдің композиторы, эстрада әншісі, РФ халық әртісі 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Вячеслав Добрынин – «Синий туман», «Не сыпь мне соль на рану…», «Бабушки-старушки», «Ягода малина», «Прощай», «Всё, что в жизни есть у меня», «Кто тебе сказал» сияқты хиттердің авторы. Өнер иесі өзінің шығармашылық жолында шамамен мыңға жуық туынды жазған. Ең жемісті шығармашылық серіктестігі – Леонид Дербенёвпен болды. Дәл осы дуэтте оның ең танымал әндері дүниеге келген.