фото: ашық дереккөзден
Алматыда өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға ерекше талапкер – 85 жастағы Нұрихан апа қатысты.
Өмірін бала тәрбиесіне арнаған әжей жастық шағында орындалмаған арманын жүзеге асырып, жоғары білім алуға қадам баспақ. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл Нұрихан апа университетке түсу үшін ҰБТ тапсыруға шешім қабылдаған. Ол жақындарының қолдауымен сынаққа тіркеліп, көптен күткен күнге жетті.
Емтихан күні балалары жанында болып, демеу көрсетті. Тестілеу басталар алдында Нұрихан апа өзге талапкерлерге ақ батасын беріп, білім іздеудің ешқашан кеш болмайтынын жүрекжарды тілегімен жеткізді.
Бұл жолы компьютерді қолдану тәжірибесінің жоқтығы кедергі келтіргенімен, ол алдағы уақытта технологияны меңгеріп, келесі жылы қайта сынақ тапсыруға ниетті екенін айтты.