фото: Getty Images/Gregory Shamus/3ICE. Суретте: Иэн Маккошен
Астаналық "Барыс" хоккей клубы америкалық ойыншы Иэн Маккошенмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Америкалық қорғаушымен біржақты келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырға дейін, бір маусымға есептелген.
Иэн Маккошен кәсіби карьерасының көп бөлігін Солтүстік Америкада өткізді. Ол Ұлттық хоккей лигасында 60 матч өткізсе, Америкалық хоккей лигасында 244 матчта мұз айдынға шыққан.
Құрлықтық хоккей лигасындағы дебютін ол 2024/2025 маусымында жасады. Қытайдың "Куньлунь Ред Стар" клубы сапында 61 ойын өткізіп, 4 шайба соқты және 11 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ 90 қарсылас соққысын тосып, 113 күштік әдіс жасады.