фото: olympic.kz. Суретте: Назым Қызайбай мен Елдос Сайдалин
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин өз шәкірттерін ерекше еркелетіп жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Елдос Сайдалин TikTok желісіндегі ресми парақшасында жаттығу жасап жатқан боксшы қыздарды еркелетіп, оларға мотивация беріп, қолдап жатқан видеосын салды.
"Сұлуларым менің! Бәрі де сұлу! Жарайсыңдар", – дейді Елдос Сайдалин жаттығу барысында.
Желі қолданушылары бапкердің бұл әрекетіне түрліше пікір білдіріп, қыздарды мақтап, сәттілік тіледі. Көпшілігі ұлттық құраманың ару спортшыларын "батыр қыздар" деп атап, бапкердің жылы сөзі команданың рухын көтергенін жазды.