Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде Қазақстан үшін маңызды жаңалықпен бөлісті.
13 тамыздан бастап Starlink компаниясы елімізде ресми түрде спутниктік интернет қызметін іске қосты. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі ресми парақшасында сүйіншіледі.
"Starlink – Қазақстанда. Ресми. Шалғай ауылдан мегаполиске дейін әлемдік деңгейдегі интернет қолжетімді", – деп жазды депутат.