TikTok желісінде кеңінен тараған бір видеоролик жұртшылық арасында қызу талқыға түсуде. Бұл жолы сөз болған адам – белгілі әнші Сәкен Майғазиев. Видеоны оның жары Динара Майғазиева өзінің парақшасында жариялаған.
Аталған видеода Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн форматта өткізу идеясы өзі емес, Мейрамбек Беспаев екенін айтып, бұл ұсынысты достық әңгіме барысында қабылдағанын мәлімдейді.
“Бұл ой Мейрамбектен шыққан. Ол айтып еді, маған ұнап қалды. Сосын жүзеге асырдық”, – дейді Сәкен видео барысында.
Алайда көпшілік бұл мәлімдемеге күмәнмен қарап, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазуда. TikTok пен Instagram-да әсіресе мынадай сарындағы әзіл-сыни пікірлер көптеп таралды:
“Мейрамбектің өзінің хабары бар ма осылай айтқанынан?”
“Мейрамбектің түрі такси ұстап кетіпті ғой”
“Сәкен Мейрамбекті қораға тығып жіберді”
“На ровном месте Мейрамбекті қадай салды ғой”
“Мейрамбек «қашан айттым» деп шок боп тұрған сияқты”
Пікір жазушылардың бір бөлігі Сәкеннің сөзін қалжыңға балап, әзілмен қабылдаса, енді бірі бұл әрекетті орынсыз деп сынады. Кей қолданушылар Сәкен Майғазиевтің жауапкершілікті досына ысыра салғанын айтып, оның сөзіне сенбейтіндерін жазған.