фото: Суретте: Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров
Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылық өмірінің алғашқы жылдары күйеуі Жанболаттан бірнеше рет таяқ жегенін ашық айтты.
Әнші "Ұят емес" бағдарламасында үйдің кенжесі болып өскен еркелігі салдарынан тұрмысында қиын сәттер болғанын айтып, бір кезеңдері ер адамдардың әйеліне қол көтеруі жиілеп кеткенін еске алды.
"Өтірік айтпай-ақ қояйын, таяқ жедім. Бірақ, көп емес, 2-3 рет. Үйдің еркесі едім, бетімнен қақпай өсірді. Сол мінезіммен жолдасыма қарсы сөйлеймін деп тілімнен таптым. Ал қазір ол тілді қалай жайғастыруға болатынын біліп алдық", – деді Жазира Байырбекова.