Шұғыл: "Хутор" бандасының бастығы Хасанның соты туралы тың дерек шықты

Шұғыл: "Хутор" бандасының бастығы Хасанның соты туралы тың дерек шықты

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Хасан Қасымбаев

Талғар аудандық сотының ресми мәліметіне сәйкес, Хасан Қасымбаевқа қатысты алғашқы сот тыңдалымы 20 тамызда басталады.

Қасымбаев 2024 жылдың қарашасында қамауға алынған. Тергеу материалдарына сай, оған 2021 жылдың жазында Арман Әлімовке күш қолдану және оны заңсыз бостандығынан айыру деректері бойынша айып тағылған. Сондай-ақ, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы да қосылған.

Бұл іс қоғамда Шерзаттың өлімімен байланыстырылып, түрлі болжамдар тараған еді. Алайда полиция бұл нұсқаны жоққа шығарып, Қасымбаевтың ұсталуына аталған оқиғаның қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Алматы облыстық Полиция департаменті тергеудің барлық дерегі мен мән-жайы мұқият тексеріліп жатқанын және шешімдердің заң аясында қабылданатынын атап өтті.