Пачка-пачка ақшасын қалтасынан шығарып, аспанға шашқанын көрдім – Тұңғышбай Жаманқұлов

Пачка-пачка ақшасын қалтасынан шығарып, аспанға шашқанын көрдім – Тұңғышбай Жаманқұлов

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Тұңғышбай Жаманқұлов пен Болат Назарбаев

Атақты театр актері Тұңғышбай Жаманқұлов тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев туралы өз ойын білдірді.

Тұңғышбай Жаманқұлов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында Болат Назарбаевпен жасаған қарым-қатынасы туралы айтып берді.

"Болат Назарбаевтың екінші әйелі Майра мен менің келіншегім бір тойларда кездесіп, сыйласып қалған еді. Майра кейіннен тойларға шақырған соң, келіншегіммен мен де бірге баратынмын. Бір-екі тойында болдық. Сол тойларда Бөкеңнің көңілі толып, қалтасынан пачка-пачка ақшасын шығарып, аспанға шашқанын көрдім. Көрдім де, оған: "Бөке, мынау ұят болады ғой. Үлкен кісіден ұят болады ғой. Біреу-міреу түсіріп алып, салып жіберсе не болады" деп едім. "Қойшы, не болар дейсің" деп жауап берді. Кейін-кейін сап тыйдым. Баруды қойдым", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.