Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі туралы ерекше видео жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ризабек Айтмұханның жұбайы Фируза TikTok желісіндегі ресми парақшасында күйеуі туралы тренд видеосын салды.
"Менің оның жанкүйерімін. Пай, пай, пай! Ұзын бойлы, денелі, арыстандай", – деп жазды Фируза.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарып, ел тарихында еркін күрестен жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ болды. Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында өтетін әлем біріншілігіне қатысады.