"Жағдайы өте ауыр": Шавкат Рахмоновтың бапкері файтердің қазіргі халі туралы айтты

"Жағдайы өте ауыр": Шавкат Рахмоновтың бапкері файтердің қазіргі халі туралы айтты

фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

DAR PRO Team командасының бас бапкері Эдуард Базров жақында отбасы қайғылы жағдайға тап болған Шавкат Рахмоновтың қазіргі халі туралы айтты, деп Sportinside.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистер Эдуард Базровтан Шавкат Рахмоновтың 2025 жылдың соңына дейін октагонға шығу мүмкіндігі жайлы сұрады.

"Шавкатқа қатысты қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Бір ғана нәрсе айта аламын – Шавкат жаттығып жүр. Әрине, жағдай өте ауыр… Психологиялық тұрғыда да жұмысқа көңіл бөлу қиын. Бірақ Шавкат – мінезді жігіт", – деді бапкері.

Оның айтуынша, Шавкат Рахмонов қолынан келгенінше жаттығуға қатысып жүр.

"Алда не боларын болжап айта алмаймын. Мұндай жағдайда әр адам әр түрлі әрекет етеді. Қазіргі бар жағдайды ғана айтып отырмын – ол жаттығып жүр. Ал ары қарай не боларын бір Алла ғана біледі", – деп түйіндеді Базров.