"Басына берсін": Мейірман Шекеев Шерзат ісіне қатысты тың деректі айтты (ВИДЕО)

"Басына берсін": Мейірман Шекеев Шерзат ісіне қатысты тың деректі айтты (ВИДЕО)

фото: Orda.kz коллажы. Суретте: Мейірман Шекеев пен Қаржаубай Нұрымов

Марқұм Шерзат Полат ісінде аты шыққан заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады.

Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған жазбасында желіде "Доктор" деген атымен танылған жанға қатысты сот отырысы басталғанын айтты.

"Қаржаубайға, Қаржаубайдың отбасына тиісуін қоймаған "Докторға" қатысты сот отырысы басталды. Сіздер кімді қолдайсыздар? Жазып кетіңіздер", – деп жазды Мейірман Шекеев.

Жазба астындағы пікірлерде көпшілік Қаржаубайдың отбасына және Мейірман Шекеевке қолдау білдіріп, "Докторды" жауапқа тартуды талап еткен. Пікір иелері оның Қаржаубайдың отбасын қаралап, жала жапқанын, әлеуметтік желіде арандатушылық жасағанын айтып, қатаң жаза тағайындауды сұраған.