фото: Ulysmedia.kz. Суретте: Мейірман Шекеев
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты хабарды айтып, елдің ыстық ықыласына бөленді.
Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі ресми парақшасында журналист Руслан Өтепбайдың телевизияға қайта оралатыны жөнінде жылы хабарды жеткізді.
"Сүйінші ағайын, Руслан Өтепбай батырларыңыз қайта оралды! Руслан бауырымыз телевиденияға өзі үшін емес, елдің мұңын, жоғын жоқтау үшін оралды. Қолдап кетіңіздер", – деп жазды Мейірман Шекеев.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, қос азаматқа сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді. Пікірлерде "Руслан алтын ұлымыз, қайта оралуың құтты болсын", "Сіздердей әділ азаматтар көп болсын" деген тілектер жиі жазылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Өтепбайдың өзі ұзақ үзілістен кейін телевизияға қайта оралғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған еді.