Елена Рыбакина араға екі жыл салып қайтадан камбэк жасаудың ханшайымы атанды

Елена Рыбакина араға екі жыл салып қайтадан камбэк жасаудың ханшайымы атанды

фото: Robert Prange/Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2023 жылы Канададағы Монреальда өткен WTA 1000 турнирінен бері алғаш рет WTA жарысында ойын барысында ұтылып жатып жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

АҚШ-тың Цинциннатидегі турнирінде Елена Рыбакина алдымен Мексика өкілі Рената Сарасуаны 4:6, 6:0, 7:5 есебімен, кейін Бельгия теннисшісі Элисе Мертенсті 4:6, 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

Турнирдің төртінші айналымында Елена АҚШ спортшысы Мэдисон Кизбен (6-ракетка) кездеседі. Цинциннатидегі жарыс 7-18 тамыз аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – әлемдік рейтингтің көшбасшысы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко.