"Шығармайтыны жоқ": Сара Тоқтамыс әкесінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)

"Шығармайтыны жоқ": Сара Тоқтамыс әкесінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Сара Тоқтамыс Instagram желісіндегі парақшасында әкесіне жасаған тосын сыйын көрсетті.

Ол туған күн иесіне үлкен шабадан сыйлап келген. Алайда оны ашқанда, ішінде тағы бір кішкентай шабадан шыққан, ал оның ішінен ақша табылған.

Бұл сыйлықты көрген әкесі мен анасы балаша қуанып, мәз-мейрам болды.

"Осы кісілердің балаша қуанғаны – бақыт қой. Папа, туған күніңізбен! 100 жасаңыз. Мамам кішкентай затқа қатты қуанатын адам екені көрініп тұрған болар", – деп жазды ақын.

Желі қолданушылары да бұл көрініске сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді. Олар Сараның сыйлығын «тамаша идея» деп бағалап, ата-анасына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, пікір қалдырды.