Сүйінші! Мейрамбек Беспаевтың әйелі көптен бері жасырып жүрген жаңалығын айтты

Сүйінші! Мейрамбек Беспаевтың әйелі көптен бері жасырып жүрген жаңалығын айтты

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Мейрамбек Беспаевтың жұбайы

"Хабар" телеарнасына сұхбат берген әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат алғаш танысқан сәтін және отбасын қалай құрғанын еске алды.

Мейрамбек Беспаев журналист Аман Тасығанның "Алғашқы" бағдарламасына сұқбат берді. Бағдарлама барысында көрсетілген бейнежазбалардың бірінде өнер иесінің жұбайы Мархабат қызық естелігін айтты.

"Мейрамбекпен алғаш жолыққаннан кейін үйге келіп анамнан: "Мейрамбек Беспаев деген кім?" деп сұрадым. Сонда анам: "Жетім бала ғой, ән айтатын. Неге сұрадың?" деді. Мен болсам, "сол баламен таныстым" дедім. Анам қайтадан: "Ойбу, ол жетім ғой, әкесі де, шешесі де жоқ" деді. Кейін білдім, сол кезде жұрттың бәрі Мейрамбекті жетім деп ойлайды екен", – деді Мархабат.