фото: Yasser Bakhsh via Getty Images. Суретте: Криштиану Роналду
Криштиану Роналду ақыры шаңырақ көтеруге дайын екенін мәлімдеді. Тоғыз жылдық қарым-қатынастан кейін Джорджина Родригес пен Криштиану Роналду өз сезімдерін ресми түрде заңдастыруға бел буды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
11 тамызда Джорджина әлеуметтік желіде саусағындағы сәнді сақинаны көрсеткен суретін жариялап, іс жүзінде қалыңдық атанғанын растады. 40 жастағы Роналдудың бұл – алғашқы заңды некесі.
"Иә, келісемін. Екі дүниеде де келісемін", – деп жазды 31 жастағы Джорджина Родригес.
Жұлдызды жұп 2016 жылы танысып, содан бері бес баланы тәрбиелеп келеді. Соның екеуі – Роналду мен Джорджинаның ортақ балалары. Қазіргі таңда әлем футболының аңызы Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы сапында өнер көрсетіп жүр.