"Сәкенмен құда болуға үлкен намекпен келдік": Мәдина Сәдуақасова желіде сынның астында қалды

"Сәкенмен құда болуға үлкен намекпен келдік": Мәдина Сәдуақасова желіде сынның астында қалды

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова әріптесі Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойына қатысып, болашақта құда болғысы келетінін ашық айтты. 

Өнер иесі тойға жұбайы Олжаспен бірге ұлы Әнуарды да ертіп келген. Көпшілік арасында Сәдуақасованың бұл әрекеті “үлкен ишара” ретінде қабылданды.

“Бүгінгі тойға Олжас екеуміз ғана емес, ұлым Әнуарды да арнайы ертіп келдім. Өйткені сіздерде қыз бар, бізде ұл бар дегендей… Біз жай ғана емес, үлкен намекпен келіп отырмыз. Бұйырса, осы шаңырақта тағы да той болсын”, – деді Мадина Сәдуақасова той үстінде.

Алайда бұл сөздер мен әрекет желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі Мадинаның бұл қадамын жеңіл әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі оны орынсыз деп сынға алды.

Желі қолданушыларының пікірі былай өрбіді:

“Ұлына әуелі қазақша үйретсін”,

“Үлкендердің ортасына баланы ертіп келгені қалай?”,

“Сәкен секілді қарапайым, тәрбиелі отбасы өр көкірек Мадинаның баласын қайтсін?”,

“Сәкеннің қыздарына Әділеттей азаматтар бұйырсын!”, – деген пікірлер көптеп жазылды.