фото: instagram/tamara_assar_official. Суретте: Тамара Асар мен жолдасы
Танымал әнші Тамара Асар Instagram желісіндегі парақшасында туған күніне қатысты жазба жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді.
Өнер иесі жолдасынан күтпеген бағалы сыйлық алып, қуанышымен бөлісті.
"Инстаграмыңыз тек ақылды сөздер мен әндер болып кетті" деп біраз адам директке ренішін жазыпты. Осы фото өзіме қатты ұнады. Туған күнімде жолдасымнан күтпеген бағалы сыйлық алып мәз боп тұрған кезімді де салып қояйын. Сіздерге де жұғысты болсын. Қандай сыйлық екенін сториске салайын ба?" – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Тамара Асарға жылы лебіздерін білдіріп, бақыт, ұзақ ғұмыр және баянды махаббат тіледі. Оқырмандардың көбі әншінің талғамына, әдемі образына және отбасының жарасымдылығына тәнті болып, пікірлерін қалдырды.