фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Бибарыс Әшірбай
Таиландтың Бангкок қаласында өткен World Boxing ұйымы ұйымдастырған 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионатында қазақ боксшылары сынға түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақ былғары қолғап шеберлері жалпы саны тоғыз медаль еншіледі: бес алтын және төрт күміс.
Алтын медаль иегерлері:
- Ерлер құрамасы: Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәлі Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг)
- Әйелдер құрамасы: Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг)
Күміс медаль иегерлері:
- Ерлер құрамасы: Илья Калинин (65 кг), Нұрбек Мұрсал (70 кг)
- Әйелдер құрамасы: Шұғыла Нәлібай (75 кг), Әсел Тоқтасын (+80 кг)