фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Санжарәлі Бегалиев
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында (U22) Қазақстан құрамасының өкілі Санжарәлі Бегалиев финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев турнирдің басты жүлдесі үшін өзбек Рахматулло Бойматовпен жұдырықтасты. Қарсыласынан басым түскен Санжарәлі төрешілердің шешімімен (3:2) жеңіске жетіп, алтын" медаль иегері атанды. Ал Бойматов күміс жүлдені қанжығасына байлады. Айта кетейік, бірінші раундта төреші Санжарәлі Бегалиевтен бір ұпай шегерген болатын.
Еске салсақ, Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатын тарихта алғаш рет World Boxing ұйымы өткізді. Ал мамыр айында Шри-Ланкада Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған дәл осындай чемпионатта Қазақстан жалпы есепте 41 алтын медаль жеңіп алған еді.