"Өмір сүргім келмейді": Аңыз боксшы Майк Тайсон өлім туралы айтып, елді дүрліктірді

"Өмір сүргім келмейді": Аңыз боксшы Майк Тайсон өлім туралы айтып, елді дүрліктірді

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Майк Тайсон

Кәсіпқой бокстың ең үздік спортшыларының бірі саналатын Майк Тайсон өлім туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұрынғы баскетболшы Шакил О’Нилдің подкаст арнасында жүргізуші аңызға айналған ауыр салмақтағы боксшы, әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсоннан қанша жасқа дейін өмір сүргісі келетінін сұрады.

"Жоқ, мен онша ұзақ өмір сүргім келмейді. Жоқ, тіпті ойламаймын да, 80-ге дейін жетпесем екен деп үміттенемін", – деп жауап берді Майк Тайсон.

Майк Тайсон – 1966 жылдың 30 маусымында АҚШ-тың Нью-Йорк штаты, Бруклин қаласында дүниеге келген аңыз боксшы. Ол бала кезінен боксқа қызығып, 12 жасында жаттыға бастаған.

Танымал бапкер Кас Д’Аматоның жетекшілігімен ол күш жинап, 1986 жылы небәрі 20 жасында ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы атанды. Бір жылдан соң, 21 жасында америкалық Тони Таккерді жеңіп, тарихтағы ең жас абсолютті чемпион болды.

Тайсон өз мансабында агрессивті стилімен, жойқын соққыларымен және жоғары жылдамдығымен танылды. Ол өзінің мықты кезеңінде 58 жекпе-жектің 50-інде жеңіске жетіп, олардың 44-ін нокаутпен аяқтаған.

Алайда оның мансабы даулы оқиғалар мен қиындықтардан ада болған жоқ. 1992 жылы ол зорлау ісі бойынша сотталып, түрмеге қамалды. Бостандыққа шыққаннан кейін рингке қайта оралып, бұрынғы даңқын қайтаруға тырысты.

Майк Тайсонның соңғы жекпе-жегі блогер Джейк Полға қарсы биылғы жылдың 16 қарашасында АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтті.