"Ана жүрегі сезеді": Елдос Сметов жан тебірентерлік сөздерімен елді жылатты (ВИДЕО)

"Ана жүрегі сезеді": Елдос Сметов жан тебірентерлік сөздерімен елді жылатты (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ата-анасы туралып айтып, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Шаншар" театрының актері Дәурен Әбиев дзюдошы Елдос Сметовтің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, дәм татқанын Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Мен қазақтың бір мақтанышының шаңырағында болдым. Әкесі ана таңдаудан жаңылмаған Елдос батырдың шаңырағында болып, шайын ішіп, қарапайымдылықтың шыңын көріп келе жатырмын. Әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен сіңген тектілік, тазалық, адалдық аңқып тұр шаңырақта", – деді Дәурен Әбиев.

Сондай-ақ дастарқан үстіндегі әңгіме барысында Елдос Сметов те Париж Олимпиадасы алдында жай-күйін айтып, әсерлі естелігін бөлісті.

"Олимпиаданың алдында анам үлкен мотивация берді. "Осы Олимпиададан алтын алып келесің. Алмасаң, тура өзіме келші", – деді анам. Ана жүрегі сезеді ғой... Бастапқыда бұлқан-талқан болып, тастаймын-ау деген ой келді. Бірақ әкем: "Балам, сені ешкім қуып жатқан жоқ. Осы жарысқа қатыса салшы. Жолың болады", – деп ол да қолдады. Үлкен кісілердің көргені мен білгені көп қой", – деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов былтыр Парижде өткен Олимпиада ойындарында дзюдодан 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль еншілеген болатын.