фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Гүлназ Бөрібаева
Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан World Boxing ұйымының жастар арасындағы Азия чемпионатында (U22) финалдық жекпе-жектер басталды. Онда қазақ боксшылары да медаль үшін бақ сынауда, деп хабарлайды Sportinside.kz.
48 келіге дейінгі салмақта қазақ қызы Гүлназ Бөрібаева өзбек боксшысы Робияхон Баһтиёровамен рингте кездесті. Бірінші раундты Гүлназ Бөрібаева 4:1 есебімен ұтты, ал екінші кезеңде төрешілер 3:2 есебімен Баһтиёроваға басымдық берді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Гүлназ 4:1 есебімен жеңіске жетіп, төрешілердің шешімімен Азия чемпионы атанды. Ал Робияхон Баһтиёрова күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Бангкоктағы жастар арасындағы бұл Азия біріншілігі – World Boxing ұйымы өткізген тұңғыш құрлықтық чемпионат.