Өзбектер озды, қырғыздар қалды: Қазақстан құрамасы Азияда сәтсіз нәтижеге ұшырады

Өзбектер озды, қырғыздар қалды: Қазақстан құрамасы Азияда сәтсіз нәтижеге ұшырады

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Бибарыс Әшірбай

Бангкокта (Тайланд) өткен World Boxing ұйымының 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке де ене алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл біріншілікте қазақ боксшылары 2 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль иеленіп, тек бесінші орынмен шектелді.

Турнирдің абсолютті жеңімпазы – Өзбекстан құрамасы (7 алтын, 3 күміс, 3 қола). Екінші орынға Үндістан (3 алтын, 7 күміс, 4 қола) жайғасса, үшінші орынды Қытай (3 алтын, 1 күміс, 5 қола) иеленді. Ал төртінші сатыда – алаң иелері Тайланд құрамасы (3 алтын, 0 күміс, 2 қола).

Жалпыкомандалық медаль кестесі (U-19 Азия чемпионаты, бокс):

  1. Өзбекстан – 7-3-3
  2. Үндістан – 3-7-4
  3. Қытай – 3-1-5
  4. Тайланд – 3-0-2
  5. Қазақстан – 2-5-6
  6. Иран – 1-0-4
  7. Жапония – 1-0-2
  8. Филиппин – 0-2-0
  9. Тайвань – 0-1-1
  10. БАӘ – 0-1-0
  11. Оңтүстік Корея – 0-0-4
  12. Вьетнам – 0-0-3
  13. Қырғызстан – 0-0-2
  14. Индонезия – 0-0-1
  15. Катар – 0-0-1