фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева мен Нұржан Иманалиев
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жұбайы Нұржан Иманалиев қазақ файтерімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Нұржан Иманалиев Instagram-дағы ресми парақшасында UFC-дің бұрынғы жауынгері, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловпен бірге түскен фотосын жүктеп, суретке:
"Менің бауырым чемпион" – деген жазба қалдырған.
Еске сала кетейік, биыл 28 маусымда Жалғас Жұмағұлов Oktagon 73 турнирінде Бено Адамиамен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осы жеңістің арқасында ол Oktagon лигасының чемпионы атанды.