"Дұғада болыңыздар": Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасап, елді алаңдатып қойды

"Дұғада болыңыздар": Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасап, елді алаңдатып қойды

фото: Richard Pelham/Getty Images. Суретте: Назым Қызайбай

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлем чемпионаты алдында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында төрт дүркін әлем чемпионы атануға деген ниетін жеткізді.

"21 күн бойы тер төгіп, жанымызды салдық – жалпы физикалық дайындықтың кезеңі аяқталды. Жақсы жаттығулар өтті. Алда – техникалық және тактикалық жұмыстар басталады. Әлем чемпионатына дейін небәрі 25 күн, дайындықты үйде жалғастырамыз. Чемпион болу қиын, чемпиондықты сақтап қалу одан да қиын демекші, әлемнің 4 дүркін чемпионы болу үшін еңбектеніп жатырмын, бұйырса бәрі оңды болып, бағымыз бен бабымыз бірге шауып, жақсы нәтижеге жетсек екен. Сіздер де әр күн дұғада болыңыздар, құрметті оқырмандарым", – деп жазды Назым Қызайбай.