фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Құралай Егінбайқызы
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан World Boxing ұйымы мұрындық болған жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында қазақстандық боксшы Құралай Егiнбайқызы ел намысын қорғады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен шешуші жекпе-жекте Құралай Егінбайқызы (-80 кг) үндістандық Критика Васанмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Құралай Егiнбайқызы Қазақстанға аталмыш турнирдегі алғашқы алтын медальді сыйлады. Ал қарсыласы Критика Васан күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы сапында алтын медаль үшін жеті боксшы бақ сынайды. Сондай-ақ, Бангкокта өткен U-19 және U-22 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты World Boxing ұйымы ұйымдастырған тұңғыш құрлықтық жастар жарысы ретінде тарихта қалды.